Қалалық қоғамдық-саяси газет

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ АНГЛИЯНЫҢ 6 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

0 98

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті «Әлем тілдері» кафедрасының «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» білім бағдарламасының 4 курс студенті Жандос Елшібек Маратұлы Англияның алты беделді университетінен магистратураға оқуға шақырту алды.

Атап айтқанда: University of Liverpool – MA TESOL; University of Reading – MA TESOL; University of Warwick – MA Education; University of Sussex – MA Education; University of Sheffield – MA TESOL and English linguistics; University of Aberdeen (Scotland) – MA TESOL.

Жандостың ағылшын тіліне деген қызығушылығы «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығына түсуге ықпал еткен. Ол Дулати университетінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өзінің білімі мен біліктілігі арқылы университет мақтанышына айнала білді.

Қазіргі таңда Жандос шетелге шығуға дайындық үстінде.Англияда оқуын тәмамдаған соң, біраз тәжірибе жинап, Қазақстанға келіп қызмет ететінін жеткізді.

М.Х.Дулати атындағы Траз өңірлік университеті 
Конвергенттік журналистика 3-курс студент Бердіхан Досымжан 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.