Қалалық қоғамдық-саяси газет

Достық пен татулықтың тұғыры биік

0 377

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында әртүрлі этнос жастары арасында өзара қатынасты нығайтуға, татулық пен бірлікті насихаттауға бағытталған кешенді шаралар ұйымдастыру әлеуметтік жобасы аясында, әртүрлі этнос жастарының арасында «Этносаралық татулық пен мемлекеттік тіл – саяси тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында 12 кездесу ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Тараз қаласында – 4, Жамбыл ауданында – 2, Байзақ ауданында – 2, Қордай ауданында – 2, Меркі ауданында – 2 кездесу.
Тәуелсіз Қазақстан жерінде негізгі ұлт қазақтардан басқа қоян-қолтық 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері мекендейді. Осының өзі қазақ халқы мен басқа этнос өкілдері арасындағы тұлғааралық достық пен өзара түсіністіктің, тату-тәтті өмірдің айқын көрінісі екенін нақтылайды. Өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты – жастар арасында ұлтаралық қатынастарды одан әрі нығайту, өзара түсінушілік пен келісімді арттыра отырып, мемлекеттік тілімізді ұлықтау.
Мұның өзі сайып келгенде, қазақ жеріндегі көпұлтты қоғамның аралық араздастыққа жол бермей, бір үйдің баласындай Отанымыз Қазақстанның болашағына бірге қадам басады деген үлкен үмітке жетелейді.

Жомарт Зұлпыхар,
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.