Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әділетті Қазақстанды құруға бірге атсалысайық!

1 834

№15 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Бекежанов Мырзағали Мұхаметқалиұлының

сайлауалды бағдарламасы

Мен, Бекежанов Мырзағали Мұхаметқалиұлы 1987 жылы 16 шілдеде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. Отбасы жағдайым – бойдақ. 2004-2008 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» факультеті «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дәрежесін алып шықтым.
Еңбек жолым:
2009 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімшілігінде 6 айлық «Жастар іс-тәжірибесі бойынша» жұмыс істедім. 2009-2010 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Н.Ақшабаев атындағы арнаулы орта мектебінде мүліктік есепші, 2010-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй» МКК мекемесінің іс жүргізуші маманы және тұрғын үй инспекторы, 2014-2017 жылдары «Есейхан Талас» ЖШС директорының көмекшісі, 2017-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК-да еңбекті қорғау-техникалық қауіпсіздік инженері, 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-нің маманы болдым. 2014 жылы Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарбаевтың Алғыс хатына, 2021 жылы Тараз қаласының Құрмет грамотасына ие болдым.

Құрметті жерлестер!
Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына әр бағдар бойынша Жолдауын жасады. Осы жердегі төртінші бағдар – «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту». Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Сондықтан халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындалғанын қалайды.
Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құруға, сіз бен біз болып алдағы келе жатқан 19 наурызда өтетін саяси науқанда №15 сайлау округі бойынша, Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына өз дауысыңыз- ды беруге шақырамын. Әділетті Қазақстанды құруға бір кісідей атсалысайық. Себебі, өздеріңіз білетіндей, күрделенген мәселелер өте көп.
Менің сайлауалды бағдарламам төмендегідей:
1. Атап айтсақ, қазіргі таңда жоғары оқу орнының бітіріп, жұмыссыз жүрген жастар өте көп. Бос жүрген білімі жоғары, болашақ маман иелерін ең алғаш қадамын бастауға болашағы жарқын болуы үшін «Жастар іс-тәжірибесі бойынша» жұмысқа орналастыруға;
2. Мүмкіндігі шектеулі жандар көбінесе шектеліп қала береді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға, өңірлерде емге берілетін квотаны бөлдіруге, инватаксилерде, қоғамдық көліктерде еркін жүруге қолайлы жағдай жасау, бөлінетін дәрі-дәрмектерді жеңілдікпен алуға мүмкіндік жасауға;
3. Тараз қаласында көптеген көшелерде асфальттардың тозығы жеткен. Өздеріңізге айдан-анық өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Асфальт төсенішін қайта жөндеуге қаражат көзін бөлдіріп, жолдарды күрделі жөндеуден (жол жиегіне арық су ағындысы бетоннан жасалған латоктар орнату) сапалы өткізуге, құрылысын дер кезінде аяқтауға;
4. Тараз қаласының шеткі көшелеріне және қөпқабатты үйлердің аулаларына, мектепке барар жаяу жүргінші жиек жолдарға, түнгі жарық шамдарын орнатуға;
5. Тараз қаласында тозығы жеткен көпқабатты үйлерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге;
6. Көпқабатты үйлердің аулаларына балалар ойнайтын ойын (футбол, волейбол) алаңшаларын ашуға;
7. Қаламызды жасыл желекті болу үшін қоқыс- тардан таза ұстау үшін көпқабатты үйлер мен жер үйлердің аулаларына (көшелерге) қоқыс жәшіктерін орнатуға (тозықтары жеткен);
8. Балалармен жасөспірімдердің уақыттарын тиімді өткізу үшін (бокс, таеквондо, т.б.) үйірмелер ашуға, арнайы жаттықан жаттықтырушы мамандарды шақыруға;
9. Көпқабатты тұрғын үйлерге, бюджетті мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ыңғайлы пандустар орнатылуын міндеттеуге ықпал етемін.
10. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда Тараз қаласында иесіз иттердің тұрғындарға, кәмелет жасына толмаған оқушыларға шабуыл жасап қауып, тістеп жатыр. Осындай жағдайды алдын алу үшін қаланың шеткі аумағынан арнайы баспана (приют) ашу қажет.

Қымбатты тараздықтар!
Сіздер өз таңдауларыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін! Әділетті Қазақстанды құруға, болашақ қаламызды көркемдету үшін бірге атсалысайық!

 

Тапсырыс беруші: №15 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат БЕКЕЖАНОВ М.М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

1 Comment
  1. Ерке6 says

    Үлкен жетістіктерге жете бер

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.