Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

0 6  150

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Жас ұрпақтың дені сау, білімді болса, болашағымыз жарқын болмақ!

Денсаулықтың мықты болуы үшін түрлі әдістерді қолдануды, жақсы көңіл-күйді қалыптастыру, күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі, белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу – басты міндет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ. Салауатты өмір сүру дегеніміз – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Елдің айнасы – жастар. Егемендікті сақтайтын да – болашақ ұрпақ. Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегі шыныққан, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпаққа байланысты. Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам және оның денсаулығы. Денсаулығы мықты, шымыр да шыныққан, бәсекеге қабілетті ұрпақтың алатын асуы биік болатындығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Замира БАЙДУЛАЕВА,
№2 қалалық емхананың психологы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.