Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дендемесін індет, екпе алу – міндет

0 1  156

Дендемесін дерт, екпе алу – міндет! Қауіпті індетті өршітпеу үшін бұл сөз дәл қазір ұранға айналды десе де болады. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ревакцинация мен файзер екпесін салу жұмысын күшейтуді жауаптыларға үнемі қадағалауда ұстауды тапсырып келеді. Қауіпті дертке қарсы тұрудың амалы – халықты вакцинациялау. Сақтық керек. Себебі, әлем әлі де қауіпті індеттің құрсауында. Осыған орай, елімізде 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау басталғаны белгілі. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесі де бұл жауапты міндетке атүсті қарамақ емес. Нақтылы кезеңде түзеу мекемесіндегі COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған сотталғандар 99,41 пайыз құрады. Айта кету керек, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары, оның ішінде жазасын өтеушілер де COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға жатады. ҚР Бас санитар дәрігерінің қараша айындағы №49 қаулысына сәйкес, еліміздегі қауіпті дерттің өсуінің қолайсыз болжамын, сондай-ақ, арнайы контингенттің көп жиналуын ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де ревакцинация басталды. Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесінің ЖД-158/4 мекемесінде арнайы контингенттер арасында аурудың өршуінің алдын алу және болдырмау мақсатында сотталғандар арасында ревакцинациялау басталды. Күні бүгінге дейін аталған түзеу мекемесіндегі ревакцинацияланғандар саны – 18,9% – ды құрады. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.