Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жігіттер Гүлшара Әбдіқалықованы алып қашпақ болған (ВИДЕО)

0 532

  Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы бейбіт митингке келген адамдармен келіссөздер жүргізу кезінде бұзақы топ қолға түсірмек болыпты, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Aray City Mall сауда үйінің алдына жиналған шерушілермен кездесуге Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келді. Алайда келіссөздер нәтиже бермеді. Жиналғандар ештеңе тыңдағысы келмеді, әдепсіз сөздер айтты, түрлі әрекеттер жасады. Облыс әкімі көлікке мінген кезде оны ұстауға бұзақы топ әрекет жасады. Ол Полиция департаменті арнайы бөлімшелерінің күшімен эвакуацияланды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 5-6 қаңтарда Қызылорда облысында болған тәртіпсіздіктер кезінде басқыншылар 17 мемлекеттік мекеме мен 21 жеке сектор субъектілеріне шабуыл жасаған. Бұл ретте олар 65 көлікті өртеп, 80 көлікті бүлдіріп, екеуін ұрлап кеткен.

«Қақтығыс кезінде 58 полиция қызметкері мен 52 сарбаз түрлі дәрежеде жарақат алды. Облыстық медициналық орталықтың мәйітханасынан 6 бүлікшінің мәйіті ұрланды», – деді полицейлер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.