Қалалық қоғамдық-саяси газет

Демократиялық дамудың үлгісі

0 366

Мемлекет – белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпыхалықтық ұйым. Әрине, қоғамның барлық саласында орын алған құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керегін ешкім де дәл тауып айта алмас еді.

Заңдардың бәрінің бастауы, негізі – Конституция. Ол – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзыреттілігімен айқындалады. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың беделі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етіледі. Қазақстан Республикасының Конс- титуциясында халық ұғымы барлық ұлтты түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі.
Конституция – демократиялық дамудың үлгісі, өркениетті көшіне ілескен мемлекеттің басты нормативтік құжаты. Сондай-ақ ол мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Ата Заң – тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ қоғамның барлық салаларының да қайнар көзі.

Гулам Умаров,
Жамбыл облыстық қан орталығының
директоры, облыстық мәслихаттың депутаты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.