Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дауылбаев құрылыс жұмыстарымен танысты

0 172

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында бұқара мен биліктің арасына үнемі алтын көпір орнатып, базынасына құлақ түру қажеттігін айтқан болатын.

Таяуда облысымызға іссапармен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев қала аумағындағы бірнеше нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Еркебұлан Әбілханұлы әуелі шаһардағы №15 ықшамауданға барып, 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді. Жоспарға сәйкес тұрғын үйдің құрылысы тамыз айының соңында аяқталмақ. Сондай-ақ «Ұлы дала» ықшамауданындағы құрылысы жүріп жатқан 1200 орындық орталық мектепке аялдады. Білім ошағы келер жылы оқушыларға пайдалануға берілмек. Мектеп ғимараты 7 блоктан тұрады, жалпы ауданы – 15 669,18 м2.
Іссапар барысында вице-министр «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізілген «Талас» ықшамауданындағы №29 үйдің жағдайымен танысып, тұрғындармен тілдесті. Сонымен қатар жаңғыртудан өткізіліп жатқан №30 көппәтерлі тұрғын үйдегі жұмыс барысын көрді. Бүгінде аталмыш үйлерде шатыр жабынын, кіреберістерін және жерасты қабатын күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылған.

Лаура Абайқызы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.