Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дамуға қарқынды қадам

0 234

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына Жолдауы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттарды қамтыды. Мәселен, ҚР Президенті білім саласындағы қандай да бір реформалар мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартпай жүзеге аспайтынын ескере отырып, Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырған болатын. Ендеше, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі. Яғни ұстаз мамандығына талантты, білімді де білікті жастар келеді деген ойдамын.
Бұл еліміздің болашағы болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті, заманауи ақпараттық мәдениеті жоғары жастарға стимул болары сөзсіз. Бұдан бөлек, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы бастамалар да «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты «Мектепке дейінгі тәрбие және инклюзивті білім беру» кафедрасының мүшелерін бейжай қалдырған жоқ. Білім саласы үшін жасаған серпілістері жөніндегі жаңалықтар көпшілікке ұнағаны сөзсіз. Мемлекет басшысының Жолдаудағы бұл бастамасы еңбектегі кәсіптік пен біліктілік деңгейінің қалыптасуына әсерін тигізе отырып, адамдарды ынталандырып, нәтижелі жұмысқа тартады деген ойдамын.

Жұлдыз КӨШЕРБАЕВА,
«Мектепке дейінгі тәрбие
және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.