Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дала данышпанының дара бейнесі

0 275

Қазақ тарихында қол бастаған батырлар, елге тұтқа болған хандар аз емес. Ал халықты бірлікке, ынтымаққа шақырып, дау-дамайда қара қылды қақ жарғандай әділ шешім шығарған билердің орны да, жөні де бөлек. Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би! Олар ел ішіндегі дау-дамайды шешіп қана қойған жоқ, елдің ұлт болып ұйысуында, салт-дәстүрінің қалыптасуында да үлкен рөл атқарды.

Төбе би атанған кемеңгерден «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұлағатты сөз қалды. Әділдіктің туы болған бұл сөз күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Әсіресе, оның халықты мал бағып қана қоймай, егін егіп, қолөнерді де кәсіп етіп, отырықшылыққа шақырғаны тарихтан белгілі.
Арада сан ғасыр өтсе де, «Қарлығаш әулие» атанған кемеңгерге деген құрмет бір сатыға да төмендеген емес. Тараздың орталығында алыс- тан менмұндалап тұрған Төле бидің еңселі ескерткіші – сол сөзіміздің анық дәлелі.
Дала данышпанының 350 жылдығына орай ашылған 30 тонналық граниттік тұғырға орнатылған биіктігі – 5 метр, салмағы 5 тоннадан тұратын қола мүсін Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында бой көтерді.
Ескерткіш жобасының авторлары – қазақстандық белгілі суретшілер мен мүсіншілер Аманат Назарқұлов пен Тимур Ермеков.

Құрмаш Қаптағай  

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.