Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бокстан әлем чемпионаты: Махмұт Сабырхан жапониялық карсыласына есе жіберді

0 239

Бүгін 5 қараша күні Белград (Сербия) қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалдық кездесулері басталды. 54 дәрежеге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Махмұт Сабырхан жапониялық қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

20 жастағы Шымкент қаласының тумасы Махмұт алтынға болған таласта Жапониядан келген 25 жастағы Томою Цубойбен кездескен болатын.

Қазақстандықтардың өкінішіне орай қазақ боксшысы 3 раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін болған жекпе-жекте 48 салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов алтын алған болатын. Шешуші кездесуде ол тайландтық Вуттичай Юрачайдан басым түскен.

Естеріңізге салайық, 6 қарашада финалдық кездесулерде Сәкен Бибосынов (51 келіге дейінгі салмақта) пен Серік Теміржанов (57 келіге дейінгі салмақта) жұдырықтасатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.