Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәйітті құдыққа тастаған: Түркістан облысында жиені ағасын өлтірді деген күдікке ілінді

0 328

Түркістан облысында жігіт ағасын өлтірді деген күдікке ілінді,  деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі   Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Келес ауданында болған. Учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны хабарласып, жалғызбасты көршісі белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін айтқан. Шақыртуға учаскелік полиция инспекторы Берік Айдосов шықты. Тәртіп сақшысы оқиға орнын мұқият тексеру барысында үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын жолдан қанның іздерін байқады. Анықталғандай тереңдігі екі метрлік құдықта ер адам қимылсыз жатқан, оны ауыл тұрғыны танып, көршісі екенін айтқан.

Табылған мәйіт бойынша полицей кезекші бөлімнің 102 пультіне хабарлады. Бірнеше минут ішінде аудандық бөлімнен жедел-тергеу тобы келді. Криминалистер тексеру кезінде мәйіттен көптеген көгерген тұстары мен гемотомаларды тапты.

Аталған жайт ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша Келес АПБ-нің СДТБТ-ға тіркелді.

Мән-жайды анықтау үшін полицейлер марқұмның таныстарын, олармен қарым-қатынасын, өмір сүру салтын зерделеді. Үзіліссіз жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жәбірленушінің туыс інісі күдікке ілінді. Оны полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінен ұстады.

Белгілі болғандай, жігіт туысының үйіне келген. Екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде інісі туыс ағасын өлгенше ұрып-соққан. Содан кейін жігіт өзінің ауыр қылмысын жасыру үшін мәйітті үйдің ауласында орналасқан суы тартылған құдыққа лақтырып, қашып кеткен.

Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.