Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл жылу желілерін жөндеуге 109,5 млрд теңге бөлінген

0 151

2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 133 км жылу желілерін жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды «Jаmbyl-Taraz» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде республика бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54%. Қазір барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға министрлік республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43% – ға дейін төмендету міндеті тұр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.