Тараз қаласының түнгі шырайын кіргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Биыл көне шаһардың 68 көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Былтыр бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 180,0 миллион теңге қарастырылып, 30 көшеде тиісті жұмыстар атқарылған болатын. Оның ішінде 11 көше бойынша (Адамбаев, 3-бұр. Байзақ батыр, 1-бұрылыс Байзақ батыр, 1-бұрылыс Аққозиев, 1-бұрылыс Өзбек, 3-бұрылыс Өзбек, Маяковский, 2-бұрылыс Маяковский, Первомайская, Ат-Тарази, Родниковая көшелері) жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды (мердігер – «Сигрост» ЖШС). Ал, 19 көшеде монтаждау жұмыстары жүргізіліп, (15-бұрылыс Фресно, 16-бұрылыс Фресно, Фресно, Казакова, Сағынтаев, Щусева, Караванная, Памирская, Лукманов, Тектұрмас, 6-бұрылыс Көшеней, Пригородный, Аққозиев тұйығы, Сенкібай, Айнакөл, Уәлиханов, Жібек жолы, Сыпатай батыр, Жанболатов) құжаттары рәсімделуде.
68 көшеге жарық орнату жұмыстарына 500 342 733 теңге көлемінде қаржы қаралды. Нақты айтқанда 2-ші бұрылыс Чехов (Бөлтірік шешен көшесінен Чехов көшесіне дейін), Химик, Воинская, Чернышова, Сухамбаев 3 – бұрылыс, Смаилов бұрылысы, Ақкөз батыр, Болатов, Жанасаз, Бұқар жырау, Смаилов 1-бұрылыс, Алатау, Овсянников, Акмолинская, Жетісу, Медеу, Барыс, Акбастау, Байтақ, Жихангер, 2-ші Степная, Көшеней, Лазеров, Пирогова, Құлжабаев, Дальная, Гончаров, Шмидт, Заводская 2,3, Строительная 3- бұрылыс, Старикова, Байқоразов, Цветочная бұрылысы, Строительная 4,5,7,8,9 бұрылыстары, Заводская, Уалиханов 4-бұрылыс, Рахмати (Қойгелді – Түйебаев көшесіне дейін), Қасымбеков, Утеулиев, Қарахан, Утеулиев бұрлысы, Железнодорожная, Менделеев, Народная, Абдирова, Дачная, Майлы қожа, Домалақ ана, Бебел, Түрксіб, Комаров, Лобачевский, Кутузов (Райымбек батыр), Толстой, Тухачевский, Мусоргского (Прманов – Сыздыков), Молдарбеков, Молдарбеков тұйығы, Уездная (проезд), Коморов, Сарымолдаев, Есенин (Шалғай қарасу), Лукманов (Темір жолдан Кегокқа дейін) көшелерін самаладай жарқырату жоспарда тұр.
Алдыңғы жылы бөлінген қаржының экономиясы есебінен қосымша 20 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаздар бүгінгі күнге анықталды. Конкурс нәтижесі бойынша «Арсенал» жеке кәсіпкерлігі сегіз (4-бұрылыс Сүлейменов, Лазо, Байзақ батыр, 3-бұрылыс Трудавой, Қылышбай ақын, Ыбыраев, Қосанов), «Алира сервис» ЖШС-і алты (Шу, Ақыртас, Мерке, Цветочная, Киікбаев, Оқым Қортыс), «Capital Energy» ЖШС-і алты (1-бұрылыс Абылай хан, П. Лулумбы, Ұлтанбаев, Тынышбаев, Самаркантская, З.Космедемьчинская) көше бойынша келісім-шарт жасап, монтаждау жұмыстарын бастады. Шартқа сәйкес, жұмыстар 2023 жылдың наурызында аяқталуы тиіс.
Осы жұмыстардың нәтижесінде биыл барлығы 88 көше жарықтандырылады. Көпшілік арасында бұл көшелер қалай жоспарға енді деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Негізі, жарықтандыру жұмыстарында бірінші кезекте мектепке, балабақшаға, денсаулық нысандарына баратын және қоғамдық көлік жүретін көшелер кіреді. Енді мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталса, монтаждау жұмыстары басталады. Дегенмен, конкурстың нәтижесі мен жұмыс барысына орай, жоспарға енген көше тізімдеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін.