Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

0 204

Ресей Федерациясының Ненец автономиялық округінде Ан-2 ұшағы мұздану салдарынан апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.

«Мұздану салдарынан Қаратайка кентінен 10 шақырым жерде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 12 адам болған, оның екеуі экипаж мүшесі және 10 жолаушы. Екі адам қайтыс болды», – деп жазды агенттік.

Төтенше жағдай орнына құтқарушылар келді. Дереккөздерге сенсек, төрт адам жарақат алған, ал қаза тапқан екі адамның бірі – ұшқыш.

halyq-uni.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.