Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл Таразда 75 аялдама орнатылады

0 907
Бүгінде Тараз қаласында қоғамдық көліктердің саны артып, қосымша бағыттар ашылуда. Бұл өз кезегінде аялдамаларға деген қажеттілікті туындатып отыр. Жазда көлеңке, қыста ықтасын болатын аялдамалар тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін де маңызды. Оның үстіне жаңғырған аялдамалар қала келбетіне сән қосып, шырайын келтіреді.
Қала әкімінің халықпен кездесулерінде де бұл мәселе жиі көтеріледі. Соған орай шаһарда бұл бағытта ілкімді істер қолға алынуда.
Айталық, 2023 жылы қала аумағында 36 дана аялдама орнатылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде оның жиырма бір данасын «RusStroy» ЖШС, он бесін «Строительная компания NSN» ЖШС-і жүзеге асырды. Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта жанғыртылды.
Ал ағымдағы жылы 81 мекенжайда 75 аялдаманы тұрғындар игілігіне беру жоспарлануда.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.