Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Биыл чемпион боламын деді»: Жәмила Бақбергенова Азия ойындарында жаңа салмақта бақ сынайды

0 526

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатына да, Азия ойындарына да қатысады. Бас бапкер спортшының салмақ ауыстыруына қатысты пікірін айтты

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында 72 келіде сынға түссе, Азия ойындарында 76 келіде бақ сынайды. 72 келі Олимпиада бағдарламасына енбейді. Бас бапкердің айтуынша, Бақбергенова олимпиадалық салмаққа ауысуы мүмкін. «Бақбергенова биылғы әлем біріншілігіне 72 келіде қатысады. Бұл оның оң жамбасына келетін салмақ. Осы салмақтағы әлемдік рейтингте Жәмила бірінші орында тұр. Өкінішке қарай, 72 келі Олимпиада бағдарламасында жоқ. Десе де, балуан қызымыз биыл осы салмақта әлем чемпионы болуды көздеп отыр. Ал 76 келідегі құрама үздігі Эльмира Сыздықова жарақат алғандықтан, Азия ойындарына қатыса алмайды. Бақбергенова бұл салмақта да жаттығу жиындарында күресіп жүр. Сондықтан жаңа салмақта да өзін сынап көреді. Жәмила Токио Олимпиадасы қарсаңында 68 келіде сынға түсіп, екі лицензиялық турнирде де жеңілген еді. Енді оның олимпиадалық салмаққа ауысу мәселесі әлем чемпионатынан кейін анықталады. Ол 68 немесе 76 келіге өтуі мүмкін. Бірақ өзінің жеке бапкерімен шешеді мұны», – деді Қазақстан әйелдер күресі құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.