Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл 520 млрд. теңгенің индикаторы бекітілді

0 131

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда инвестициялық салада ауқымды жұмыстар атқарылды. Ел егемендігінің алғашқы онжылдығында шетелдік инвесторлардың жаңа перспективалы жобаларға инвестиция салу ұсыныстары белсенді қабылданды. Қазақстан қалыптасу жылдары сыртқы қолдауды қажет етті, осы жағдайда шетелдік инвестициялар ағымы ел экономикасының жоспарлы дамуына ықпалын тигізді, тіпті, қандай да бір шамада ол өсу драйверіне айналды. Бүгінде Қазақстан тиімді инвестициялар салу үшін жаңа мүмкіндіктер мен зор әлеует тудырады.

Үкімет пен Жамбыл облысы әкімдігі арасында қол қойылған меморандум аясында 2022 жылға 520 млрд.теңге көлеміндегі индикатор бекітілді.

2022 жылға белгіленген индикаторға қол жеткізу бірқатар ірі инвестициялық жобалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау есебінен, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен жоспарланып отыр.

Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында шет елдің қатысуымен 1,6 трлн. теңгеге 11 инвестициялық жобалар іске асып, 4626 жаңа жұмыс орындары ашылады. Аталған көрсеткіш ағымдағы жылы шет елдің қатысуымен біршама инвестициялық жобалар құрылыс жұмыстарын бастауымен орындалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.