Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір топ әйел Мәдина Сәдуақасоваға алдандық деп шу шығарды

0 354

Қазақстандықтар тағы да танымал тұлғалардың жарнамасына сеніп, сан соғып қалды. Бұл жолы әнші Мәдина Сәдуақасованың жарнамасын көрген бірнеше әйел белгілі нутрициолог Талшын Артыққызының жарты миллион теңге тұратын курсынан өткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы «Еуразия» арнасының KOREMIZ бағдарламасында көрсетілді. Алайда қыз-келіншектердің айтуынша, 500 мың теңге төленген курс өз құнын ақтамаған. Тіпті еліміздегі нөмір бірінші нутрициолог тренинг біткен соң әйелдердің қолына жарамсыз сертификат ұстатқан.

 

Қазақтілді нөмірі бірінші нутрициолог боласыңдар, мен ашқан академияда білім аласыңдар деген. Ол менің академиямнан сертификат, диплом алып, табыс таба аласыңдар деді. Бірақ бізге берген сертификат, дипломдарының ешқандай лицензиясы жоқ болып шықты, — дейді алданып қалған келіншектің бірі Ұмсынай Ібішева.

Нутрициолог Талшын Артыққызы / instagram.com/talshyn_artyqqyzy
Нутрициолог Талшын Артыққызы / instagram.com/talshyn_artyqqyzy

Нутрициолог Талшын Артыққызы жақында Денсаулық сақтау академиясының ашылу салтанатына белгілі әнші Мәдина Сәдуақасованы шақырған. Кейін оған жаңа академияның лентасын қидырған. Сол шарадан соң танымал әнші қазіргі кезде нутрициологияның керек нәрсе екенін айтып жарнама үшін видео түсірген. Мәдинаның жарнамасына иланып, сан соғып қалдық деген бірнеше әйел нутрициологпен қоса, әншіні де алаяқтық деп айыптап отыр. Бірақ бұны Сәдуақасованың ресми өкілі Маржан Сәдуақасова теріске шығарды.

instagram.com/sadvakasovamadina

«Мәдина Сәдуақасова қаламақысын алып, ол жерге қонақ болып барды. Ол әнші, той-томалақта жүреді. Академияның ашылуы — үлкен той. Талшын Артыққызы Мәдина Сәдуақасовадан лента қиюды және екі ән орындап беруді сұрады. Мәдина ханым: «Осы курсты сатып алыңдар, сонда күшті маман болып кетесіңдер», — деп жарнамалай алмайды. Ол нутрициолог емес, ұйымның құрылтайшысы емес», — дейді Маржан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.