Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әйеліне ауыр…» Ақбота-Нұр Асылхан Төлеповке тұрмысқа шыққан сәтін жариялады

0 224

«KeshYou» тобының бұрынғы әншісі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет әлеуметтік парақшасына жұртты шулатқан бейнежазба жүктеді. Ел отбасылы адамардың бұлайша көңіл қосқанын қызу талқылауда, деп хабарлайды Экспресс К

Бейнежазбадан басында белгілі актер Асылхан мен Ақбота-Нұрдың бірге тұрған сәтін байқайсыз. Бірақ көп ұзамай екеуі бірден басқа образға енеді. Яғни әншінің үстінде той көйлегі болса, Асылхан костюм-шалбар киген. Екеуі құдды бір үйлену тойын жасап жатқандай кейіпте.

Олардың бұл әрекеттері жұрттың қызу талқысына түсті. Бірі Ақбота-Нұрдың дәл осындай жігітке лайықты екенін жазса, енді өзгелері отбасылы адамдардың бұл әрекеттері тым ерсі дегенді алға тартуда.

 

«Асылханның әйеліне ауыр тиеді ғой, неге саласыз?», «Осы-ақ қатыны бар еркектерге тыныштық бермейді екен», «Мә, осындай жігітке лайық едің ғой», «Екеуі де отбасылы адамдар емес пе? Кино шығар», «Қандай жарасымды жұп», — деген пікірлерін жазуда желідегі жұрт.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.