Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бір сыр бар жүрегімде…»

0 342

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Әулиеата өңірінде дүниеге келген жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Жазушымен бір күн» акциясы аясында белгілі ақын, жазушы Шешен Республикасының ең жоғары «Къоман сий» (Ұлт намысы) орденінің иегері, Чешенстан Мемлекеттік және Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлықтарының лауреаты, ел мойындаған көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің 80 жылдық мерейтойына арналған көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы және Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Сергей Есенин атындағы алтын медалінің иегері, Алаштың ақтаңгер ақыны Рафаэль Ниязбек 80 жылдық мерейтойына орай өтетін «Бір сыр бар жүрегімде…» әдеби ағымдар кеші өтті.
Іс-шараға арнайы қатысқан қонақтарымыз ақын ағамыздың жары – Кулжан Мұхамедиева, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,жазушы, журналист, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы мен журналистер одағының мүшесі, Тараз қаласының Құрметті азаматы, жазушысы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, зейнеткер ағамыз, Жамбыл облысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атындағы халықаралық қорының кеңесшісі Жанарбек Күздеубеков , ақын, журналист, ҚР журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, ақын-сазгер, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Қасқырбай Нарбатыр, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, зейнеткер ағамыз, ақынның немере інісі Асқарбек Айдаров, айтыскер ақын, облыстық және республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, журналист, облыстық «AQ JOL» газетінің аға тілшісі Есет Досалы, Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектебінің директоры Жанатбек Тұрғымбаев, ақынның немере інісі Марат Болмашев елдің елдігін, ердің ерлігін биік рухта жырлауымен ерекшеленген, тәуелсіздік жайлы тебіреністерімен жүректі тербейтін, азуын айға білеген арқалы ақындарымыздың бірі, атақ-даңқы да жетерлік өзгеше есімді ақын, ағамыздың өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.