Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бейбітшілік бәрінен қымбат

0 66

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бейбітшілік, тұрақтылық, достық, өзара түсіністік, бірлік – бұл құндылықтар әрқайсысымызға қымбат. Бұл мереке бізді бір шаңыраққа біріктіреді, бірлік пен ынтымаққа шақырады. Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Иә, қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын беріп, қандай қиын сәттердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеген елміз. Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып, әлемге бейбіт ел ретінде танылды.
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дейді дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны белгілі. Біз елімізді бірлесіп жаңғыртуға атсалысып, болашаққа жоспар жасап, өз арманымызға қарай қадам басамыз, Жаңа Қазақстанды құрамыз. Бұл әрбір қазақстандықтың еңбегі, біз бәріміз бірлікті, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, мәдениетті, салт-дәстүрді сақтауға өз үлесімізді қосамыз.
Баршаңызға бейбітшілік, келісім, жақсылық, денсаулық және бақыт тілеймін!

Айгүл Қабиева,
Жамбыл облыстық «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.