Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

0 500
Бүгін даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының есімі ұлықталды. Ұлы Жеңіске 78 жыл толуына орай, өңір басшысы Нұржан Нұржігітов пен шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков және қала жұртшылығы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақтың біртуар тұлғасы сұрапыл соғыста ер жүрек батырлығымен, қайтпас қайсарлығымен, тапқырлығымен ерекшелене білді. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болған. Отан соғысы басталған уақытта 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене қатысты. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, соғыс кезінде ұрыс шеберлігі, тапқырлығы мен жеке басының ерен ерлігі ерекше көзге түсті.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.