Қалалық қоғамдық-саяси газет

Барлық сұрақ шешімін табады

0 199

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы көп мәселе шешілмек.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу мақсатында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев 21 тұрғынды қабылдап, сұрақтарына жауап беріп, шешілмеген түйінді мәселелеріне құлақ асты. Шаһар басшысының қабылдауына келген қала тұрғындарының көбі дерлік тұрғын үй мен жер мәселесін алға тартты. Қала әкімі бұл сұрақты қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғ.Ералиевтің заң аясында қарастырып, тұрғындарға нақты жауап беруін тапсырды.

«Талас» шағын ауданының тұрғыны Аман Әйтімбетов қабылдау барысында жұмысқа орналастырып беруін өтінді. Бұл мәселе бойынша әкім Тараз қала әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Б.Тоқтағұлға тұрғынның өтінішіне құлақ асып, мәселесін шешіп беруді тапсырды. Ал Қарлығаш Дәурембай «Жаңа тұрғын үй» алқабының жарық, көгілдір отын мәселелері бойынша көмек қажеттігін айтты. Өтініш иесінің мәселесін қала әкімінің орынбасары А.Есеналиев пен қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Сәрсен Тасқараевқа осы жылдың 20 қарашасына дейін қарауды тапсырды.

Шаһар басшысына сұрақтарына жауап іздеп, тілектерін айтып келушілердің арасында Т.Нұрғожаев пен Б.Сағындықов та болды. Олар «Жеңіс» саябағынан тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне ескерткіш тақта ашып беру туралы өтінішін жеткізді. Аталмыш сұрақтың жауабын қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Башанов, қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З.Тұрсынұлы, қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Бөбеев шешетін болды. Қала басшысының қабылдауында болған азаматтардың мәселелерін шешу бағытында жауапты мекемелердің басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.