Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балуандарымыз өзбек елінен темір тұлпар мініп қайтты

0 245

Өзбекстанның Джизак қаласында 2001-2003 жылы туған жастар арасында белбеу күресінен әлем чемпионаты өтті. Ұлттық құрама сапында жүзден жүйрік шыққан бес бірдей әулиеаталық жас ел мерейін үстем етті.

Бәсі жоғары бәсекеде 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қарсылас шақ келтірмеген Заңғар Жаңабек турнирдің жеңімпазы атанды. Бұрымдылар белдесуінде Асылжан Орынбасарова алтын медаль олжаласа, Аяулым Қуанышова мен Жансая Ынтықбай ақтық сында жолы болмай, күміспен күптелді. Ал 58 келіде шеберлігімен көзге түскен қаракөзіміз Сағат Байгараева қоланы қанағат тұтты.
Нәтижесінде белбеу күресінен Ұлттық құраманың ұландары жалпыкомандалық есепте топ жарды. Сәйкесінше, бас жүлдеге тағайындалған автокөлікті қанжығалады. Сондай-ақ жекелей сында топ жарып, жүлдегер атанған спортшылар да қаржылай сыйақымен марапатталды.

Сәндібек Піренов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.