Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар құрамасы 7:5 есебімен жеңілді

0 94

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Dostyk life» спорт кешенінде қала әкімінің командасы мен жастар құрамасы кіші футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Ойынның ашылуында сөз алған шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев бұқаралық спортты дамыту жолында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
– Бүгінде облыс орталығында 630 спорт нысаны бар. Сондай-ақ «Таразға тарту» жобасы аясында 14 стрит воркаут, шағын футбол және баскетбол алаңдары салынды. Қаладан шалғай орналасқан шағын аудандар мен алқаптардағы 7 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Салауатты өмір салтын насихаттауда Елбасы мен Мемлекет басшысы жастарға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан бүгінгі іс-шара қала әкімдігі мен жастар қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді деп есептейміз, – деген Ержан Жұматұлы қос командаға сәттілік тіледі.
Тартысқа толы кездесуде қала әкімдігінің командасы жастар құрамасын 7:5 есебімен жеңді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.