Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балалар игілігіне жаңа автобустар

0 341

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 14 жаңа автобустың кілтін табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, жылы лебізін білдірді.
Жаңа автобустардың алтауы Шу, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарының мектептеріне табысталса, қалғаны Тараз қаласындағы білім беру ұйымдарына тиесілі. Атап айтқанда, енді балғындар шаһардағы №6, 19, 55, 57, 61 орта мектептерге жаңа автобустармен қатынайды. Осы ретте республикалық бюджеттен лизингке алынған 14 автобустың төртеуі 22, оны 38 орынды екенін айта кетейік.
Жалпы 2023-2024 оқу жылында мектебі жоқ 39 елді мекенде тұратын 923, тек бастауыш мектептері бар 35 ауылдан 1 465, тек негізгі мектептері бар 10 елді мекеннен 201 және ауыл, қала ішінде 4 949, барлығы 7 538 бала мектептерге және кері қарай күнделікті тасымалдануда. Бүгінде облыс бойынша оқушыларды күнделікті тасымалдайтын 110 қоғамдық көлік бар.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.