Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бала тууы және оның күтімі бойынша жәрдемақыны қалай алуға болады?

0 293

Бала туған кезде қандай төлемдер беріледі? Қазақстан Республикасындағы барлық әйелдер мемлекеттен бала туғанда жәрдемақы және бала 1,5 жасқа дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік жәрдемақы алады. Босанғанға дейін жұмыс істеген әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты әлеуметтік төлемдерге қосымша құқығы бар. Жаңа туған нәрестені асырап алған немесе қамқорлыққа алған ата аналарға сондай жәрдемақы беріледі.

Қазақстан Республикасында босанғанға дейін жұмыс істеген де, жұмыс істемеген де барлық әйелдердің бала тууына байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар екенін атап өтейік.Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 80 бабымен жәрдемақылардың мөлшері айқындалады. 2024 жылға арналған АЕК 3 692 теңге болып белгіленді.

2024 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақы қанша? Есептеу осыны көрсетеді: Алғашқы 3 балаға – 140 296 теңге (38 АЕК), 4-ші балаға және одан кейінгі балаларға – 232 596 теңге (63 АЕК). Әлеуметтік кодексте (79-баптың 2-тармағы) бірден екі, үш және одан да көп бала туылған кездегі жағдай қарастырылған. Содан кейін әрбір жаңа туған нәресте үшін жәрдемақы есептеледі. Оның әрбір адамға арналған мөлшері баланың отбасында қалай дүниеге келгеніне байланысты. Жүктілікке, босануға және күтуге байланысты әлеуметтік төлемдер: Бала туғанға дейін жұмыс істеген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған әйелдер жүктілігіне және босануына байланысты қосымша төлемдерге құқық алды.1,5 жасқа дейінгі баланы күту үшін оларға республикалық бюджеттен жәрдемақы емес, әлеуметтік төлемдер беріледі. Төлемдердің мөлшері Әлеуметтік кодекспен белгіленеді (78-бап). Ол босанатын әйелдің соңғы 12 айдағы орташа табысына және жүктілік пен босануға байланысты мүгедектік күндерінің санына байланысты.

Бұл жәрдемақыға құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарына қолма-қол, сондай-ақ онлайн режимінде тапсыруға болады. Сонымен қатар, проактивті қызмет бар: босанатын әйел баланың туу туралы куәлігін алу және оған ЖСН беру үшін SMS хабарлама арқылы өтініш бере алады; бала туылғаны үшін біржолғы жәрдемақы алуға; мектепке дейінгі мекемеге қабылдау үшін кезекке тұру. Әрбір қызмет алдыңғысы дайын болғандықтан дәйекті түрде орындалады. Ол үшін ЖСН мен ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.

Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, 2023 жылы Жамбыл облысында 24 мың сәби тіркеліп, 4 миллиард теңгеден астам сомаға бала туғанда жәрдемақы тағайындалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.