Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байзақта биыл қоныс тойы көбеймек

0 221

Асарлатып үй салу дегеніміз әрбір ауылдағы аз қамтылған отбасы, жалғызілікті жандар немесе жалғызбасты ана, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды үймен қамтамасыз ету ғана емес. Бұл сондай-ақ ауылдардағы халықтың ауызбірлігі, ұйымшылдығы, елдің бір-біріне деген пейілдерінің дұрыс-тығын, кеңдігін көрсетсе керек.

Облыс көлемінде осыдан 3-4 жыл бұрын басталған аталған жоба Байзақта ауданында да қолдау тауып, жыл сайын бірнеше азамат баспаналы болуда. Ауылдардағы мұқтаж жандарға көптің көмегімен үй салып беру мәселесі ауылдық округ әкімі жанындағы кеңесте шешіліп келеді. Мұндай жиынға ауылдағы әрбір отбасының жағдайын жақсы білетін қоғамдық ұйым жетекшілері, ардагерлер де белсенді атсалысады.
Биылғы жылы аудан бойынша «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 10 ауылдық округтен тұрмысы төмен, жалғызбасты отбасыларға тұрғын үй салып беру туралы ұсыныс болған. Аталған жұмыстар ерте көктемнен бастау алып, құрылыс материалдарының қымбаттап кетуіне қарамастан, үй құрылыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтуге болады. Атап айтсақ, Ынтымақ ауылдық округінің Мәдімар ауылындағы көпбалалы отбасыға, Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Ақшолақ ауылындағы жалғызбасты, Сарыкемер ауылындағы мүмкіндігі шек- теулі азаматқа, Қостөбе ауылдық округіне қарасты Қостөбе ауылындағы тұрмысы төмен жанұяға, Жалғызтөбе ауылдық округінің Жетібай ауылындағы тұрмысы төмен жалғызбасты зейнеткерге, Темірбек ауылдық округінің Шахан ауылындағы жас отбасыға деген тұрғын үйлердің қабыр- ғалары қаланып, шатырлары толығымен жабылған. Терезелері мен сыртқы есіктері салынып қойылған.
Бүгінгі таңда кейбір үйлердің жылыту жүйесінің құрылысы, ішкі-сыртқы сылақ жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарының 60-70 пайызы аяқталған. Сондай-ақ Суханбаев ауылдық округіне қарасты Жақаш ауылындағы тұрмысы төмен, жалғыз- басты анаға, Мырзатай ауылындағы тұрмысы төмен отбасыға, Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты Байзақ ауылындағы жалғызбасты анаға арналып салынып жатқан үйлердің қабырғалары қаланып, шатырлары жабыла бастаған. Ішкі, сырт- қы сылақ жұмыстары да қолға алынған. Аталған үш үйдің құрылыс жұмыстарының 25-40 пайызы тәмамдалыпты. Ал округтер арасында бірінші болып ұйымшылдық танытқан Көптерек ауылдық округінің Кеңес ауылындағы тұрмысы төмен Рая Маделиеваға арналған үй толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Үй иесі өз жерлестеріне, баспана салуға қол ұшын берген азаматтарға шексіз алғысын айтты.
Өткен жылы құрылысы басталып, биылғы жылы аяқтауға жоспарланған Түймекент, Үгілі, Көктал, Диқан ауылдық округтеріндегі тұрғын үйлер арасында Үлгілі ауылындағы үй мамыр, ал Көктал ауылындағы үй маусым айында бітіп, баспана иелері қоныс тойын тойлады. Ал Диқан ауылындағы үй осы айда, Түймекент ауылындағы үй қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Былтырғы жылы осы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында атымтай азаматтар Қостөбе, Бурыл ауылдарында 3-4 бөлмелі үйлерге суын, газына дейін кіргізіп, иелерінің алғысына бөленген еді. Биылғы жылы да күн суытпай аталған үйлер сапалы соғылып, суын, газын да үйге кіргізіп беруге тұрғындар айрықша күш салуда.
Асарлатып үй салуға ауылдағы кәсіпкерлер мен шаруа қожалығының жетекшілері, жекелеген азаматтар өздерінің көмек қолын созуда. «Қолы ашықтың жолы ашық» демекші, аталған игі іске көмектесіп жатқан барлық азаматтарға өзге тұрғындар да дән риза. «Көп түкірсе көл болады» демекші, көптің көмегі арқасында осындай игілікті, сауабы мол іс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Әмина Мұса

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.