Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бақытжан Орынбеков желтоқсаншылармен кездесті

0 408

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтармен кездесті.

Әуелі шаһар басшысы сөз алып, жиналған қауымға жылы лебізін арнады.

– 1986 жылғы 16 желтоқсан – қазақ тарихында мәңгі ұмытылмас күн. Еліміздің тәуелсіздігі үшін халықтың ерік-жігерін көрсеткен желтоқсаншылардың бұл қадамы, шын мәнінде, ерлік. Осы арқылы Сіздер ызғарлы желтоқсанда еліміздің өткені мен бүгінін жалғайтын тәуелсіздіктің алтын көпірін салдыңыздар.
Биыл тұғырлы тәуелсіздігімізге – 32 жыл болса, ал Желтоқсан оқиғасына 37 жыл толып отыр. Сіздердің бұл ерліктеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі, таусылмас тағылым. Сондықтан баршаңызды осындай айтулы күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Бүгін осы айтулы жиында өздеріңізбен арнайы кездесіп, ыстық ықыласымызды білдіруді жөн көрдік, – деген Бақытжан Әмірбекұлы қаһарлы күндердің бірқатар куәгеріне қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.

Бұдан кейін Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай жылы лебізін білдіріп, біршама азаматты қалалық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапаттады.

Келесі кезекте «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Мұрат Бердалиев пен «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Кеншінбеков қала басшылығына ризашылықтарын жеткізіп, алғыс айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.