Қалалық қоғамдық-саяси газет

БАҚ-пен берік байланыс орнайды

0 346

Бүгін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы мен «Jambyl-Taraz» облыстық газеті арасында кездесу өтті. Басқосуда әуелі филиал директоры Бахтияр Көпбосынов сөз алып, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
– Жамбыл облысының 10 ауданының 9-ы газдандырылған. Осылайша бұл көрсеткіш 73 пайызды, тұрғындары саны бойынша 90,2 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы 7 елдімекенді газдандыру жоспарлануда. Сондай-ақ 2023-2024 жылдың жылу маусымына дайындалу бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Тараз қаласының газ желілерін жаңғырту» жобасы бойынша бүгінгі таңда 1-кезеңнің 5 қосу кешені, 2-кезеңнің 3-қосу кешені толығымен аяқталған. Осының арқасында 1039 шақырым полиэтилендік газ желілері қайта салынды, – деді Бахтияр Бейсембайұлы.
Келесі кезекте Саятхан Жапарұлы «Jambyl-Taraz» облыстық газетінің жұмысына тоқталып, басылымның алдағы уақытта өндірістік филиалмен берік байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді. Филиал ұжымы да газетке жазылып, басылымға қолдау көрсететіндерін баса айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.