Қалалық қоғамдық-саяси газет

БАҚ өкілдеріне айрықша құрмет

0 333

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Arai-Plaza» бизнес-орталығында өңір журналистері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен жүздесіп, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Өткен жыл өңір тарихында жағымды жаңалықтарымен қатар, айтулы оқиғаларымен де есте қалды. Жыл ішінде журналистер қауымы жетістіктерімізден бөлек, Байзақ ауданында орын алған төтенше жағдай сынды оқиғаларда дәйекті ақпаратты тұрғындарға жеткізуде барынша күш салды.
Әлемдік пандемия облыс үшін қиынға соққанымен, барлық салада оң динамика сақталды. Дағдарысқа қарамай даму жолына түстік. Осынау толайым табыстарымызды БАҚ өкілдері билік пен бұқара арасында алтын көпірге айналып, барынша насихаттады. Бүгінде өңірде 84 бұқаралық ақпарат құралдары болса, олар дер кезінде дәйекті ақпарат таратқаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдардың да сіңіріп жатқан еңбектері орасан. Сондықтан баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, отбасылырыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға береке тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын! – деді облыс әкімі.

Бұдан кейін аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен «Жамбыл облысы іскер әйелдері» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Елена Баллоны, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен журналист Мақұлбек Малдарбековті және «Еңбек ардагері» медалімен журналист Галина Выборнованы марапаттады. Өз кезегінде «Ғұмыр-Дария» газетінің редакторы Жаңабай Миллионов, «Хабар-24» телеарна-сының Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Руслан Абдуалиев сөз алып, әріптестеріне ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ өңірде жасалып жатқан оң істерді тілге тиек етіп, аймақ басшысына «Таразға тарту» жобасы аясында облыстан мұз айдынын салып беру туралы өтініштерін жеткізді.
Мерекелік кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласып, қаламгерлер қауымы облыс әкімімен естелік суретке түсті.

Саятхан Сатылған

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.