Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүлдіршіндерге шексіз қуаныш сыйлады

0 263

Балаларды қорғау күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің ұжымы игі іс тындырып, ата-аналар мен балалардың алғысына бөленді. Нақтырақ айтқанда, қатаң режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлері көпбалалы ана Анжела Науатованың шаңырағына арнайы барып, бүлдіршіндерді шексіз қуанышқа бөледі.

Ұл-қызының риясыз қуанғанын көрген көпбалалы ана мереке қарсаңында кұттықтап, ыстық ілтипат білдіргені үшін өңірлік мекеме бастығы әділет подполковнигі Ерлан Тоқанов бастаған жеке құрам қызметкерлеріне алғысын білдірді. Айта кетейік, аталған мекеме ұжымы бұған дейін де игі бастамаларға үлес қосып, имандылық шараларына ұйтқы болуды дәстүрге айналдырған.

Әлжан Алтынбек
ЖД-158/4 мекемесі кадр бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.