Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүкіл әлем бойынша балалар белгісіз вирус түрімен ауыра бастады

0 154

АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария және Жапония дәрігерлері бүкіл әлемде балалар тыныс жолдарының ауруларын тудыратын аз белгілі респираторлық синцитиалды вирусты жұқтыра бастады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттарындағы Нью-Йорк ауруханаларының біріндегі балалардың жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Рабиа Аганың айтуынша, сәбилер мен балалардың жаңа вирусты жұқтыру оқиғалары сәуір айында басталып, соның салдарынан реанимация бөлімшелері бірден толып кеткен.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, коронавирустық пандемия RSV таралуына әсер еткен және карантиндік шаралардың арқасында балаларда вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспаған. Аурудың өршуі коронавирустық шаралар әлсірегеннен кейін пайда болған. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, балалардың көпшілігінде вирус жөтел мен мұрыннан кірген суық секілді жеңіл өтеді. Бірақ кейбір жағдайларда бұл бронхиолитке, өкпенің төменгі бөлігінің қабынуына әкелуі мүмкін.

Бұған дейін АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мамандары коронавирустың «дельта» нұсқасы басым болғалы бері, елде COVID-19 белгілері бар балаларды ауруханаға жатқызу саны күрт өскенін хабарлаған болатын. Алайда жаңа зерттеулердің нәтижелері, жаңа штамм қауіпті және аурудың ауыр түрін тудырады деген қорқыныштың негізсіз екенін көрсетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.