Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүгін 12:55-те дыбыстық электр дабылы қосылады

0 277
«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12:55-те (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылы қосылады.

2024 жылғы 8-9 ақпанда елімізде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

«Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз», – дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

zakon.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.