Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұқаралық спортты дамыту – бірегей міндет

0 241

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы.

Осыған орай 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап облыс орталығында жеке қаражат есебінен 8 жаңа спорт нысаны салынды. Ал ағымдағы жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 4 аула алаңын салуға 100 млн.теңге бөлініп, «Ұлы дала» (15) мөлтек ауданы №33,34,35 үйлерінің ауласы мен Менделеев көшесінің 3-ші бұрылысы, №13 мекенжайында 2-і пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Өзбек көшесі 1 және 3 бұрылысының тұрғындарының бірнеше рет жасаған өтініштері негізінде облыс орталығының осы шағын учаскесін спорт алаңдарымен абаттандыруға қосымша 30,0 млн. теңге бөлінді.

Қалалық бюджет қаражаты есебінен Желтоқсан мен Қонаев көшелерінің қиылысындағы және «Талас» (6) мөлтек ауданы №9 үйдің ауласындағы кіші футбол алаңшаларында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Құмшағал» тұрғын алқабын дамыту және халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен №19 орта мектебіне қарсы дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салуға 437,0 млн.теңге бөлініп, құрылысы басталды. Осылайша, 2022 жылмен салыстырғанда Тараз қаласындағы спорт нысандарының саны 10 бірлікке артты.

Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Тараз қаласында азаматтарды жүйелі спортпен шұғылданушы облыс орталығы тұрғындарының жалпы санының 41,6 пайыз немесе 177 489 адамды құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2,1 пайызға артық.  Сондай-ақ бір жыл ішінде 34 167 адам қамтылған 319 қалалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.