Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұқаралық спорт өркендеп келеді

0 1  151

Жыл басынан Тараз қаласы әкімдігі тарапынан 37 спорттық іс-шара өтіп, оларға жалпы 1 506 адам қатысты.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 52 спорттық алаңша жүйелі түрде тегін жұмыс атқарып, 8 425 баланы қамтуда. Қазіргі таңда Тараз қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 173 749 адам, яғни қаладағы жалпы халық санының 40,4 пайызы шұғылдануда. Оның ішінде 14-18 жастағы жастар 21 625 адам, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 22,3 пайызды (1 709 адамды) құрайды.
Қала тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін Тараз қаласында жалпы қолжетімді 665 спорт нысаны жұмыс істейді.
Халықтың 1 000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 82,5 пайызды құрайды. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Құмшағал» алқабындағы спорт кешеннің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Қазіргі таңда аталған кешенде 6 спорт түрі бойынша 7 жаттықтырушы 484 баланы шұғылдандыруда.
Тараз қаласының спорттық алаңшалар қажеттілік тізімі негізінде әзірленген 2024-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, Тараз қаласында жалпы кіші футбол алаңшаларын салу қажеттілігі 21 бірлікті құрайды. Ағымдағы жылы 9 кіші футбол алаңшасын соғу қажеттілігі және 1 кіші футбол («Жігер» алқабы) алаңшасының жоғарғы тоқ сымдары жүргізілуіне байланысты орнын ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ ағымдағы жылы демеушілер қаражаты есебінен 15-мөлтекауданда 3 street workout, 2 әмбебап және 1 кіші футбол алаңдарын салу жоспарланған.

Оксана Борисюк,
Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.