Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақ тілін таңдамаңыз»: Қоғам қайраткері қазақстандық банкті сынға алды

0 326

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өз Facebook парақшасында «Сбербанк» банкоматтарының суреттерімен бөлісті. Оның сөзінше, банкоматтар Түркістанда орналасқан,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғам қайраткері жариялаған суреттерде қазақ тілін таңдамау керектігі жазылғанын көруге болады.

«Сбербанк Қазақстанға көзқарасы», – жазған Мұрат Әбенов.

Бұған дейін Петропавл қаласының тұрғыны Ербақыт Амантайұлы «Сбербанкте» қазақ тілін таңдау кезіндегі қиындықтар жайлы хабарлаған болатын.

«Сбербанк, мына таңбалардың мағынасын түсіндіріңдерші. Бұл не латын, не кирил әліпбиі емес», – деген еді ол.

«Банкоматта әрдайым қазақ тілін таңдайтынмын, бірақ бүгін осындай қиындыққа тап болдым. Ештеңе түсіне алмасам да, тілді ауыстырмадым», – деп жазды Ербақ Амантайұлы өз Facebook парақшасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.