Қалалық қоғамдық-саяси газет

Facebook әлеуметтік желісінің атауы өзгереді

0 241

Facebook компаниясының негізін салушылардың бірі Марк Цукерберг компания атауын өзгертпекші. Алайда нақты атауы әзірге мұқият қорғалатын құпия ақпарат болып отыр,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

The Verge басылымының хабарлауынша, компанияның енді қалай аталатынын тіпті жоғарыдағы басшылықтың арасындағы адамдар да біле бермейді екен.

Компания бас директоры Марк Цукерберг бұл туралы жыл сайынғы Connect конференциясында 28 қазанда хабарлауды жоспарлап отыр.

The Verge мәліметінше, атаудың өзгеруі технологиялық ірі қызметтің өрісінің кеңейтуді меңзейді. Facebook-тың атауы тек әлеуметтік желілермен ғана байланысты болмайтындай мақсатты көздеген.

Ребрендинг Facebook әлеуметтік желісін Instagram, WhatsApp, Oculus және басқа да бірнеше компанияларды басқаратын ірі өнімдерінің бірі ретінде өзін ұсыну үшін жасалып отырған сыңайлы.

Facebook-те өнімдерді жасаумен айналысатын 10 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың ішінде виртуалды шындық көзілдірігі де жасалып жатыр. Цукербергтің пікірінше, бұлар алдағы уқаытта смартфондар сияқты қарапайым қолданыстағы дүниеге айналады.

Шілдеде ол келесі бірнеше жыл ішінде компания атауы әлеуметтік желі ретінде емес, «метаәлем» ретінде қабылдана бастайтынын айтқан.

Facebook алдағы буын технологияларына көбірек мән бере түседі.

Былтыр жазда компания “метаәлем”-ді жасау мақсатында арнайы команда құрған.

Жақында виртуалды және кеңейтілген шындық бөлімінің басшысы Эндрю Босворт бас техникалық директор болады деп жарияланды.

Бірнеше күн бұрын Facebook Еуропадан жұмыс істеу үшін тағы 10 мың қызметкерді жалдау жоспарлары жайлы айтқан болатын.

Бір жағынан қарағанда бұл виртуалды шындықтың дамыған, жаңаша түрі, алайда кейбір мамандар метаәлем – интернеттің болашағы деп есептейді.

Бұл жерде енді компютердің орнына виртуалды әлемге “кіретін” арнайы гарнитура қолданылады. Ол барлық цифрлық платформаларды байланыстырады.

Негізінен ойындарда көрініс табатын қазіргі виртуалды шындықтан айырмашылығы, бұл виртуалды әлемді кез-келген нәрсеге: жұмыс, ойын, концерт, кино саяхаты, саяхат немесе жай демалу үшін пайдалануға болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.