Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық оқушылардың оқу үлгерімі күрт төмендеді: Ата-аналар дабыл қағуда

0 332

Білім министрлігі оқушылардың бірінші тоқсандағы үлгерімі бойынша қорытынды шығарды. Ата-аналар балаларының білім деңгейі екі есе төмендеді деп санайды. Әсіресе нақты ғылымдар бағытында. Өйткені, балаларға материалды қашықтан меңгеру қиын болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Екатерина Плугинаның екі қызы бар және қашықтан оқыту олардың оқу үлгеріміне кері әсерін тигізді. Тарих, география және биология пәндерінде азды-көпті жақсы болса, нақты ғылымдар бойынша үлгерімдері төмен.

“Бізде үш ғана емес, екі деген баға пайда болды. Өйткені ол үй тапсырмасын қалай орындауды да білмейді”, – деді екі оқушының анасы Екатерина Плугина.

Дегенмен, министрлік үлкен проблема көріп отырған жоқ. Керісінше, олар өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда білім сапасының 1,8%-ға артқанын анықтады. Бірақ пандемияға дейін деңгейден 2,7 пайызға төмендеген. Бұл ретте оқушылар 1-ші тоқсанда өткен материалды қайталағанын атап өткен жөн.

“Негізінен, 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда білім сапасының төмендеуі – бұл 5-6 сыныптардағы математика пәні. Яғни, оқушыларды бастауыш мектептен жоғары мектепке ауыстырудағы қиындықтар. 7-сыныптағы алгебра, химия пәндері”, – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова.

Репетиторлық қызметке сұраныс артты. Тіпті тарих, биология пәндерінің мұғалімдері де сұранысқа ие болды. Курстарда да жетекшілер оқушылардың, әсіресе, жетінші сынып оқушыларының білімдерінің күрт төмендегенін байқады.

“Мұғалімдердің жалақысы көтерілді, жұмысшыларымыз мектептерге шашырап кетпеу үшін, әрине, қызметіміздің бағасын көтеруге тура келді”, – деді «Полиглот» білім беру орталығының жетекшісі Юлия Ротман.

Ағылшын немесе математика пәндері бойынша топтық сабақтар сағатына 2 мың теңге, жеке сабақтар 2,5 мыңнан жоғары тұрады. Білім министрлігі балалар жазғы мектептерде де, артта қалған оқушыларға арналған қосымша сабақтарда да қиындықтарды оңай шеше алады деп есептейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.