Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, 7 адам зардап шекті (Видео)

0 243

Желіде Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысқан видео жарияланды. Қалалық Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram желісінде жарияланды. Видеода бірнеше жедел жәрдем көлігі көрінеді.

Ведомство мәліметінше, оқиға Абылай хан мен Төле би көшелері қиылысында болған.

«6 қазанда сағат 12.36-да Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Yuotung маркалы автобус жүргізушісі, Абылай хан даңғылы қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан Yuong Man троллейбусымен соқтығысқан», – деді Алматы қаласы ІІД Анықтау департаментінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Жол апатынан зардап шеккендер туралы да мәлімет белгілі болды.

«Жол апаты салдарынан YUONG MAN троллейбусының 1962, 1974 жылы туған жолаушылары, YUOTONG автобусындағы 1997, 1977 жылы туған жолаушылары, троллейбустың 1966 жылы туған жүргізушісі және автобустың 1986 жылы туған жүргізушісі дене жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді», – деді Шәріпов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.