Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда бұдан былай Тұңғыш президент күніне арналған мереке болмайды

0 102

Парламент Мәжілісінің депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай тармақ бар.

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелер тізбесінен алып тастап, әлеуметтік маңызы жоғары әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу ұсынылады», – делінген құжатта.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.