Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 1 градусқа дейін аяз болады

0 176

Синоптиктер 8, 9 және 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, солтүстік-батыс суық антициклон әсерінен республика аумағының басым бөлігінде ауа райы салқын болады, тек Қазақстанның оңтүстігінде күн жылы болады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 8 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыста жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.