Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақстан Республикасының Алтын жұлдызы» республикалық патриоттық байқауының өткізу ережесі

0 455

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «Қазақстан Республикасының Алтын жұлдызы» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау. Әділетті Қазақстанды құру үшін, әр азамат өзінен бастауды қажеттігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға дәріптеу. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Республикалық байқау қатысушылары: Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген тұлғалар.
Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және марапаттау парағын (наградной лист) толтырып жіберу қажет (1 қосымша), сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фотосуреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар elorda_01@mail.ru электронды почтасына 2024 жылдың ақпан айының 25-іне дейін қабылданады.
Байқау қатысушыларына табысталады:
• «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ-НЫҢ АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ» ордені;
• «ҚР АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ» статуэтка-сы;
• «ҚР АЛТЫН ЖҰЛДЫЗДАРЫ» атты республикалық энциклопедиясы;
• Куәлік;
• Құрмет грамотасымен марапатталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйінде конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен орден табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: elorda_01@mail.ru,
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: 7 7711316201, 8 7787427440, 8 71-72-44-34-50

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.