Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан «Apple»-мен келіссөз жүргізіп жатыр

0 2  476

Қазақстан америкалық Apple компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Келіссөздер Қазақстанда Apple компаниясының ресми кеңсесін ашуға қатысты.

«Цифрлық даму министрлігі Apple компаниясымен Қазақстанда ресми өкілдік (компанияның – еск.) ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр», – ресми жауапта.

Елімізде Apple кеңсесін ашу мәселесі Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін туындаған болатын. Сол кезде iPhone қолданушылары хабарлама алмаған.

tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.