Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақ КСР-нің бұрынғы білім министрі қайтыс болды

0 648

Қазақ КСР-нің бұрынғы оқу-ағарту министрі Қажахмет Балахметов қайтыс болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстанның білім министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында жариялады.

«Бүгін отандық білім беру ісінің корифейі, Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов өмірден өткендігі туралы суыт хабар жетіп, көңілді құлазытты.

Қажахмет Балахметұлы еліміздің білім беру саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан адам. Бұл саланы 13 жылдан аса басқарған ол, балалар мен жастарды оқыту мәселесіне ерекше назар аударатын.

Соңғы рет Қажахмет Балахметовпен биыл жазда 95 жас мерейтойымен құттықтап барғанымда кездесіп едік. Ол үнемі білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын. Қажахмет Балахметұлының туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – деді министр.

Министр жазбаға қоса Қажахмет Балахметовпен түскен суретін де жариялады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.