Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыз бекітуде нені ескеру керек?

0 317

Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында ауыз бектіудің жалпы ережелері бар. Бұл туралы наиб-имам Ермек Көкірекбаев айтып берді.

«Намаз оқымайтын адамда ораза ұстаса болады. Осы оразадан кейін намаз оқып, сәждеге маңдайын қойып иманы артуы мүмкін. Намаз оқуға себепші ұстаған оразасы әсер етуі мүмкін. Ораза біздің тақуалығымызды арттырады.

Имам есте сақтау керек кейбір ережелер мен тәртіптер туралы айтты. Егер ауыз бекітсеңіз:

– сілекей мен түкірігін жұтуға;

– беттен сүюге;

– кішкентай баласын жақсы көріп, иіскеуге;

– әтір сепсе;

– душқа түссе ораза бұзылмайды. Көпшілік дәл осы сұрақтардан шатасып жатады екен.

«Дәретсіз, ғұсылсыз ауыз бекітуге болады. Азанда ұйқыдан тұрғанда, ғұсыл дәреті жоқ болса, бірден аузын бекітіп алып, кейін тамақтан су өтіп кетпейтіндей болып душ қабылдаса болады. Оразаның бірінші күні ниет етпегендер, екінші күнінен бастап ниет етіп ұстай берсе болады. Тек қарыз болған күндерін кейін өтейді», – деді имам.

bugin.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.