Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ауылдарда атқарылған жұмыстар жалғасын табады

0 143
Президент Жарлығына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының Ернар Есіркепов Құмарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, биылғы жылы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, тұрғындарды толғандырған бірқатар ұсыныс-тілектерді талқылады.
Өткен жылы округке 118,4 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, оның аясында үш көшенің автожолдары жөнделіп, бір көшеге түнгі жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ, Құмарық ауылындағы орталық саябақ абаттандырылды.
Биылғы жылы округті дамытуға 53,6 млн теңге қарастырылып, қазіргі таңда Құмарық және Қаракемер ауылдарында балалар ойын алаңдары мен шағын футбол алаңын орнату, сондай-ақ Құмарық пен Алғабас ауылдарындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерді ағымдағы жөндеуден өтті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік қызметін жаңғырту, таудан келетін егістік суларын ауылға бұру және иесіз иттерді аулау, интернет операторлар қызметін үйлестіру, сондай-ақ көшелерді асфальттап, көше жарықтарын орнату сынды мәселелер көтерілді.
Әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, жекелеген өтініштер сол мезетте өз шешімін тапты. Ал қосымша қаражат пен уақытты қажет ететін ұсыныстар заң аясында зерделеніп, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді. Аудан басшысы аталған мәселелер түпкілікті шешілгенге дейін басты назарда болатындығын округ тұрғындарына жеткізді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.