Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл шаруашылығы өнімдері арзан бағада сатылды

0 219

Бүгін «GRAND BAZAAR» сауда орталығының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шараға жиналған халықтың қарасы қалың. Мұнда Жамбыл, Жуалы, Шу аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылды. Олар нарық бағасынан 10-25 пайызға арзан бағада сатылды.Әсіресе, сұраныс жоғары жылқы еті 2400, сиыр еті 2200 теңгеден саудаланса, қой етінің келісі 2000 теңгеге бағаланған. Сондай-ақ көкөністер түрлеріне қарай 45-600 теңге аралығында сатылды.

Жәрмеңкеге қатысқан тауар өндірушілердің айтуынша, мұндай шаралар тұтынушыға да өте тиімді әрі қолжетімді. Тұрғындар да арзан бағаларға дән риза болып, керек тауарларын сатып алып жатты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.