Қалалық қоғамдық-саяси газет

2023 жылдың соңына қарай елде инфляция баяулайды – Ұлттық банк

0 1  125

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 2023 жылы инфляцияның баяулайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ұлттық банк елдің 2023-2027 жылдарға арналған макроэкономикалық даму болжамдарын әзірлеуге қатысты. Біздің құзыретіміздегі көрсеткіштер бойынша келесіні хабарлаймыз. Біріншіден, біздің болжамымыз бойынша, инфляция 2023 жылдың соңына қарай базалық мөлшерлемеге қатысты қабылданатын шешімдер, контрциклдық бюджет қағидаларын іске асыруды жоспарлау, сыртқы инфляциялық қысымды рет-ретімен төмендету және биылғы жоғары база есеп айырысуларынан шығу аясында қазіргі деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін баяулайды», – деді Ақылжан Баймағамбетов.

Сөзінше, бүгінгі таңда Ұлттық банкте кезекті болжамды раунд өткізіліп жатыр. Ал нәтижесі 2022 жылдың 5 қыркүйегінде жарияланады.

«Орта мерзімді кезеңде тосын өзгерістер орын алмаса, инфляция 2024 жылдың соңына қарай нысаналы дәлізге жуықтайтын болады», – деді Ұлттық банк өкілі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.